Таңғы 9.00-ден басталған «Референдум онлайн» марафоны қыза түсті. Тек елордадан ғана емес, өңір-өңірден сарапшылар байланысқа шығып, Референдум жайлы маңызды ақпараттармен бөлісуде.
Дәл осы күй бүгінгі референдум марафонының шымылдығын ашты. Содан бері алаңда тыным жоқ. Референдум жайлы аңызды ақпар берілді. Мазмұнды сұхбат өрбіді. Әсерлі музыкалық қойылым да көреремен көңілін бір көтеріп тастады.
Еркін формат, маңызды сұхбат, ашық дискуссия, қызықты қойылым. Шараның дәл осындай форматта өтуі - Қазақстанның медиасаласында алғашқы тәжірибе.
Ләззат Танысбай, «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрайымы:
Осы инфотецнмент форматын пайдаланып отырмыз. Біз бұған бірінші рет келіп отырмыз. Тек қана ақпараттандыру ғана емес, көңіл көтеру, белгілі өнер жұлдызджары өнер көрсетті. Жастар өте көп. Оларға да қажетті контентті ұсынып отырмыз.
Тек қана саясат, экономика ғана емес, қоғамға қызықты тақырыптар да талқыға түсіп жатыр. Медиатұлғалар, саясаттанушылар, депутаттар мен жастар да бір алаңға тоғысты. Бүгін бас-аяғы мыңнан аса қонақ марафонға қатысады деп күтілуде.
Серік Ақылбай, қоғам қайреткері:
Ерекше сезіліп тұр, дауыс беретін учаскелерде қай жерге барсаңыздар да бәрі бір бірін құттықтап жатыр. Кәдімгі той сияқты. Халық үшін, бүкіл үшін маңызды мәселе., оқиға болып жатыр. Соны сезінеміз.
Марафон меймандарының арасында жастар өте көп. Олардың көбі референдумға алғаш рет қатысты. Солардың бірі – 18 жастағы Гүлжанар Манапова.
Гүлжанар Манапова, студент:
Мен үшін бүгін тарихи сәт. Бұл менің ең алғашқы референдумға қатысуым. Және мен сияқты жастарды осы референдумда өз таңдауларын жасауға шақырамын.
Шараға бастамашыл болған – Қазақстан телерадиокорпорациясы. Көрермендер теледидардан ғана емес, арнаның әлеуметтік желідегі парақшаларынан тамашалай алады. Марафон түнгі бірге дейін жалғасады.
Раушан Сайлауқызы