Сарапшы: Қазақстанның демократиялану жолындағы қадамдарды қарқынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Қазақстанның демократиялану жолындағы қадамдарды қарқынды

05.06.2022

Қазіргі референдум Қазақстан халқына өз тағдырын өзі шешіп, мемлекеттің ұзақ жылдарға дамуын анықтауға мүмкіндік береді. Шетелдік һәм отандық сарапшылар, еліміздегі саяси шараға қатысты осындай пікір білдірді. Мамандар, бүгінгі оқиғаға тарихи оқиға деп баға беріп отыр.

Референдум арқылы халық өз тағдырын анықтауда

Президент өз құзіретін кемітіп, билікті халыққа ыңғайлауға күш салып, осы мақсатта референдум өткеріп жатыр. Тиісінше, бұл референдум демократиялануға жасалған бекемдей түсудің бір жолы,-дейді шетелдік сарапшылар.

Дмитрий Кобицкий, Халықаралық байқаушы:

Қазақстанның демократиялану жолындағы қадамдарды қарқынды. Ең бастысы халық ұлы өзгерістерді бастауға, жүзеге асыруға құлшынып тұр. Қазақ жұрты бірлесіп көп жетістікке жетті. Бұл саяси реформалар аймақтағы өзге де елдерге ықпал етеді деп үміттенемін.

Референдум – өзгерістің соңы емес, бұл үлкен өзгерістер дәуірінің басы. Елдің дамуы, мемлекеттік құрылыс мәселелеріне қатысты жұртшылықтың бей-жай қарамай қатысуы қуантады,-дейді сенат төрағасы.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Осындай үлкен мәселе халықтың өз таңдауына беріліп жатқандықтан бүкіл ел азаматтары дауыс беру учаскелеріне келіп, өздерінің дауыстарын беру өте маңызды. Бұл біздің ұлт ретінде жетілгендігіміздің көрсеткіші деп қарастыруға болады.

Нұрлан Оразалин, ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері:

Бұл дауыс беру референдумның тағдырын шешіп қана қоймайды, халықтың , елдің болашағын, ұрпақтың ертеңін шешетін үрдіс деп бағалауымыз керек. Өйткені, осындай конституциялық өзгерістерді талап еткен халықтың өзі.

Биліктің қайнар көзі – халық. Демек референдум өткізу арқылы халық өзінің алдағы тағыдырын өзі анықтап жатыр! Маман-сарапшылардың пікірі осыған саяды.

Нұрбек Бекбау


Хабарламаларға жазылу