Павлодарлық тұрғындардың 51,17 % дауыс беріп үлгерді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық тұрғындардың 51,17 % дауыс беріп үлгерді

05.06.2022

Павлодар өңірінде 528 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр. Бастапқыда ауыл тұрғындарының белсенділігі ерекше болды. Ал, дәл қазіргі сәтте қалалық жерлердегі дауыс беру учаскелерінде халық көбейген.

Негізі облыс бойынша 513 мыңға жуық азамат дауыс беру құқығына ие. Олардың 70 пайызға жуығы қалалық жер, яғни, Павлодар, Ақсу және Екібастұз тұрғындары. Қазір біз облыс орталығындағы №11 ші дауыс беру учаскесіндеміз. Осы жерде жазушы, қоғам қайраткері Серік Елікбай ағамызды жолықтырдық. Серік Төлеубайұлы әдетте мемлекеттік деңгейде бір жаңашылдық енгізілген жағдайда ел тілегі, жұрт қалауы басты орынға қойылады. Конституциялық реформа жайлы сіздің пікіріңіз

Серік Елікбаев, жазушы, қоғам қайраткері:

Мұндағы өзгерістің бәрі халық үшін. Қарапайым халыққа тең мүмкіндік беріліп отыр. елдің мүддесі бірінші орында, 27 жылда алғаш рет референдум өтікізіп жатырмыз, мұндай өзгерістен қорықпау керек.

Дәл қазіргі уақытта 358 елді мекенде дауыс беру жүріп жатыр. Бұл шараны 1300 ге жуық тәуелсіз байқаушылар қадағалауда. Әзірге заң бұзушылық орын алды деген мәлімет жоқ.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу