ТМД елдерінен келген 144 байқаушы учаскелерді аралап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД елдерінен келген 144 байқаушы учаскелерді аралап жүр

05.06.2022

Қазір референдум учаскелеріндегі дауыс беру барысына байқаушылар да куә болуда. Олардың көпшілігі - Еуразиялық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінен келген. Қазір, 25 мемлекеттің атынан келген екі жүзге жуық байқаушы дауыс беру барысын қалт жібермей қадағалап жүр.

Аркадий Кощей, байқаушы (Ресей):

Халықаралық ұйым атынан референдум барысын байқауға ондаған адам келдік. Әзірше бірнеше учаскеге кіріп шықтық. Бәрі ыңғайлы ұйымдастырылған. Заңсыздықтар мен келеңсыздіктер байқалмады. Тұрғындардың белсенділігі жақсы. Келушілер легі әсересе таңғы уақытта көп болды.

Байқаушыларды халықтың белсенділігі таң қалдырды

Таң атысымен референдумға дауыс беруге жиналған халықтың белсенділігі шетелдік байқаушыларды таң қалдырды. ТМД парламентаралық ассамблеясы байқаушылар тобының үйлестірушісі Сабир Гаджиев «Референдум » марафоны аясында шараның өту барысы туралы айтты. Шетелден келген байқаушылар референдумның барынша заңды, нормаға сай өтуіне ат салысады. Саяси науқанға 25 шет мемлекеттен және 11 халықаралық ұйымнан 272 байқаушы қатысып жатыр.

Сабир Гаджиев, ТМД парламентаралық ассамблеясы байқаушылар тобының үйлестірушісі:

Сіздердің еліңізде бірінші рет референдумға байқаушы ретінде қатысып отырмыз. Бүгін учаскенің ашылуынан бастап қатыстық. Жетіден бері халықтың белсенді қатысып жатқанын байқадық. Бұл тамаша үрдіс. Біз жалпы13 елде байқаушы ретінде қызметімізді атқарамыз. Әріптестердің арасында сенатор, депутаттар бар, сарапшылар бар. Науқанның барынша әділ әрі ашық өтуіне бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Сәбит Әлдебай    

Хабарламаларға жазылу