«Референдум» онлайн марафонында 100-ден аса маман жұмыс істеуде
Осы сәтте Қазмедиа орталығында «Референдум» онлайн марафоны өтіп жатыр. Қазақстан телерадиокорпорациясы ұйымдастырған ауқымды медиа шара елімізде алғаш рет өтуде. Таңнан басталған марафон түнгі бірге дейін жалғасады. Мен де дәл сол алаңдағы керемет көңіл-күйді өз көзіммен көрдім.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Жалпы бұндай ауқымды медиа шара расында да елімізде алғаш рет өтіп жатыр. Мына үлкен алаңда түрлі тақырыптағы талқылаулар өтіп жатыр. Спикерлер тізімі өте үлкен. Жалпы бүгінгі шараға 1200-ден астам қонақ, 300-ден аса сарапшы қатысады деп жоспарланған. Арасында депутатттар, халықаралық сарапшылар, блогерлер, қоғам белсенділері, спортшылар мен өнерпаздар, ғалымдар мен жазушылар. Бір сөзбен айтқанда бәрі-бәрі осында. Талқыға салынған тақырыптар да сан алуан. Мәселен таңертең әріптесіміз Мақсат Толықбайдың жүргізуімен сарапшылар «Алдымен экономика және саясат» тақырыбында ой қозғаса, одан кейін «Телеарна және интернет: көрермен мен жарнама үшін күрес», «Жаһандану әлде оқшаулану», «Саясаттағы әйелдер рөлі" сынды тақырыптар көтерілді. Сонымен қатар жақында ғана ел назарында болған Сәбит пен Сағиттың оқиғасы арқылы «Қайырымдылық пен қамқорлық» мәселесі сөз болмақ. Бұл шараны өткізу үшін 100 ден аса мамандар тер төгіп жатыр. Сондықтан да қадірлі көрермен. Қазақстан Ұлттық арнасының қосымшасы мен әлеуметтік желілердегі парақшаларына кіріп, онлайн марафонды көруге шақырамыз.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанның әскери музыканттары Дохадан жүлдемен оралды
23.12.2025, 13:10
Өзбекстанда тұңғыш рет 7 айлық нәрестеге бауыр ауыстыру отасы сәтті жасалды
23.12.2025, 13:09
Ақтөбе облысында 40 шақырымнан астам жол қайта салынады
23.12.2025, 13:07
Шымкентте заңсыз онлайн-казиноның қызметі тоқтатылды
23.12.2025, 13:06
Маңғыстауда 100 мыңнан астам адам тұрғын үй жеңілдіктерінен айырылды
23.12.2025, 13:05
Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасы ұсынылды
23.12.2025, 13:05
Қазақ елі Асанәлі Әшімовті ақтық сапарға шығарып салды
23.12.2025, 13:04
Солтүстік Қазақстанда «Nomads-AI» креатив орталығы ашылды
23.12.2025, 10:11