Түркияда 300-ге жуық отандасымыз дауыс береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда 300-ге жуық отандасымыз дауыс береді

05.06.2022

Қазақстандықтар ең көп тұратын елдердің бірі Түркияда отандастарымыз дауыс беріп жатыр. Анкарадағы Қазақстан елшілігі, Ыстамбұл мен Анталиядағы консулдық ғимараттарында орналасқан учаскелер шамамен бір сағат бұрын ашылды.

Айдос Әшімұлы, тілші:

Мен қазір Ыстамбұл қаласындағы бас консулдық ғимаратында орналасқан нөмірі 255 референдум учаскесінде тұрмын. Бұл жерде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат таңғы жетіде, яғни шамамен бір сағат бұрын басталды. Учаскеде дауыс беру үшін 300-ге жуық қазақстандық тіркелген. Алдымен осында жұмыс істейтін дипломатиялық корпус өкілдері мен олардың отбасы мүшелері дауыс берді. Біраздан соң Ыстамбұлда жұмыс істейтін азаматтар мен осында оқитын студенттер де келе бастайды. Сонымен қатар Түркияға демалуға немесе іссапарға келген ел азаматтары да Ыстамбұл, Анкара және Анталия қалаларында орналасқан үш учаскенің біріне барып дауыс беруіне болады. Мен тұрған №255 референдум учаскесінде осы уақытқа дейін ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ. Ал Түркиядағы дауыс беру барысы туралы алдағы хабарларымызда тағы да толығырақ ақпарат беріп отырамыз.


Хабарламаларға жазылу