Түркияда кеше қайталанған жер сілкінісінен 300-ге жуық адам жарақат алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда кеше қайталанған жер сілкінісінен 300-ге жуық адам жарақат алған

21.02.2023

Түркияның Хатай провинциясында тағы жер сілкінді. Зілзаладан ондаған ғимарат құлап, 6 адам қайтыс болған. Іздеу құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. 

 Айдос Әшімұлы,тілші:

Түркияның Хатай провинциясындағы Дефне ауданыда 6,4 балл ал арадан бірнеше минут өткен соң Самандағ ауданында болған 5,8 балдық жер сілкінісінен 6 адам қаза тапты. Зілзала кеше жергілікті уақытпен кешкі сегіздер шамасында болды. Апаттан 294 адам жараланған. Олардың 18-інің жағдайы ауыр деді елдің Денсаулық сақтау министрі. Жер дүмпуінің кесірінен бірнеше облыста ондаған ғимарат құлаған. Қайтыс болғандардың барлығы екі апта бұрын болған зілзалада қираған үйлерінен заттар алып шығу үшін кірген адамдар екені белгілі болды. Ал жараланғандардың көбі құлағалы тұрған үйлерден бетон сынықтары немесе кірпіш сияқты қатты заттар үстеріне түсіп жарақат алған. Мамандар құлағалы тұрған үйлерге кіруге тіпті жақындауға болмайтынын бұған дейін де бірнеше рет ескерткен болатын. Алайда үйінен заттарын алғылары келетін адамдар қирап тұрған ғимараттарға кіруін тоқтатар емес. Қазір құлаған үйлерде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою басқармасы тұрғындарды теңіз жағалауына жақындамауға шақырды. Себебі теңіз астында да жер дүмпуі болып, биік толқындар көтерілу қаупі бар екенін ескертті. 

Хабарламаларға жазылу