Өскемен халқы референдумда белсенді дауыс беруде
Шығыс Қазақстан облысы референдумға қатысатындар саны жағынан алдыңғы қатардағы аймақ. Мұнда бір миллионға жуық адам дауыс беруге құқылы. Өңірде 1027 референдум учаскесі бар.
Өскемендегі біз тұрған нөмірі 26 референдум учаскесінде 1500 мыңға жуық адам тіркелген. Таңы жетіде участок ресми ашылған соң тұрғындар біртіндеп келіп өз дауыстарын беріп жатыр. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Қоғамдық ұйым өкілдері де байқаушы ретінде референдумның өту барысын қадғалап отыр.
Әскерхан Ақтай, ақын:
Таңертең ашылғаннан осында келдім. Бәрі ойдағыдай ұйымдастырылған. Тыянақты өтіп жатыр. Тек бұл учаскеде ғана емес. Барлығы да бұл саяси науқанға жақсы дайындықпен келді. Бүгін енді бізде Өскеменде жаздай жаумаған жаңбыр жауып тұр. Оған қарамастан ел біртіндеп келіп өз таңдауын жасап жатыр. Тіпті мен сөйлескен адамдардың арасында жасы 70-80 ге келсе де алғаш референдумға қатысып отырғандар бар екен.
Олжас Керейхан, тілші:
Дәл осы біз тұрған нөмірі 26 учаскеде 10 шақты адам алғаш рет дауыс беріп отар. Олардың барлығы да 18 жасқа биыл толғандар. Барлығына да учаскелік референдум комиссиясы атынан сыйлық берілді. Сондай-ақ аймақта бірнеше халықаралық ұйымнан келген байқаушылар референдумның өту барысын бақылап жүр. Ал олардың басым бөлігі ТМД елдерінен келгендер.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09