Ұлттық арнада «Референдум» онлайн марафоны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада «Референдум» онлайн марафоны

05.06.2022

Бір сағаттан соң біздің теле радиокорпорациясының бастамасымен ұйымдастырылған «Референдум» марафоны басталады. Қазір ауқымды шараға қызу дайындық жүріп жатыр. Әріптесім Раушан Сайлауқызы осы алаңнан байланысқа шығады. Раушан марафон аясында қандай тақырыптар төңірегінде сұхбаттар жүргізіледі?

Раушан Сайлауқызы, тілші:

Референдум марафонында қаузалатын тақырыптың ауқымы кең. Ең әуелі елдің түкпір-түкіпірндегі референдумның өткізілу барысы жайлы ақпаттар беріледі. Одан бөлек, Әр сағат сайын дискуссия алаңында экономика және саясат, «Телеарна және интернет», «Қайырымдылық пен қамқорлық», «Фейк ақпаратты тарату кімге тиімді», «Жаһандану, оқшаулану», «Саясаттағы әйелдер рөлі» «Балаларға қарсы кибербуллинг», «Жаңа ұрпақ – жаңа сана» тақырыптары талқыланады. Көрермендер тек республикалық телеарналар эфирінен ғана емес, отандық бақтың интернет ресурстары мен әлеуметтік желі парақшаларынан тамашалай алады. Марафонның басты мақсаты - референдум барысынан жедел ақпараттар беру, қоғамның түрлі топтарына саяси пікірталас алаңын ұсыну.

Бұған дейін айтып өткеніміздей марафонның форматы ерекше. Мұнда тек дискуссия, брифингтер мен пікір алмасулар ғана емес, муызкалық қойылым мен арнайы флешмобтар да ұйымдастырылады. 16 сағат бойы еліміздегі ең танымал журналистер сіздер үшін тікесінен тік тұрып қызмет етеді. 1000-нан астам қонақ дәл осы алаңға шақырылды. Маңызды ақпар, мазмұнды сұхбат, ашық талқылау, музыкалық қойылым да сіздер үшін. Құрметті көрермен назарыңыз бізде болсын дегіміз келеді.


Хабарламаларға жазылу