Қостанайда 735 учаске жұмыс істеп тұр
Ал, қазір бізбен тікелей байланыста Қостанай облысы. Өңірдегі тілшіміз Дәуренбек Әбдібек саяси науқан барысын баяндауға әзір тұр. Дәуренбек, бүгінгі саяси науқан Қостанай өңірінде қалай өтіп жатыр? Азаматтардың белсенділігі қалай?
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Біз қазір Қостанай қаласындағы нөмірі 16-ші дауыс беру учаскесінде тұрмыз. Жалпы Қостанай облысында бүгін 735 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр. Ал осы референдумға қатысып, өз таңдауын жасау құқына ие азаматтар саны облыс бойынша 550 мыңнан асады. Учаскелердің жұмысын бастағанына 1 сағат болды. Менің қасымда «Саналы ұрпақ» қоғамдық қорының төрағасы Нұрбек Елікбайұлы Әбдібеков тұр.
Нұрбек Елікбайұлы, осы рефендумды көпшілікке түсіндіру жұмыстарына сіз басқаратын қор өкілдері және өзіңіз қатыстыңыз ба? Халықтың көзқарасы қандай болды референдумға байланысты?
Нұрбек Әбдібеков, «Саналы ұрпақ» қоғамдық қорының төрағасы:
Иә, біздің облыста азаматтық штаб жұмыс істеді, басты мақсаты халықпен кездесіп, референдумда қарастырылатын Конституцияның өзгертулері жайлы баяндау болды, кездесулер әр түрлі форматтарда болды. Ата заңдағы өзгерістерді Парламент қабырғасында шешсе болар еді, бірақ таңдауды халықтың еркіне берді. Сондықтан да бүгін халық осы референдумды құптаса да қарсы болса да өз таңдауын жасау үшін осы жерден табылуда.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан Адам дамуы деңгейі бойынша әлемдегі үздіктер қатарына енді
24.07.2026, 12:28
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22