Санаулы сағаттардан кейін «Референдум» онлайн марафоны басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санаулы сағаттардан кейін «Референдум» онлайн марафоны басталады

05.06.2022

Таңсәріден түнге дейін өтетін ауқымды шара аясында Мазмұнды сұхбат, түрлі тақырыптағы талқылау, қызықты қойылым да, әуезді ән де көрермен назарына ұсынылады. Дәл қазір осы алаңнан әріптесім Раушан Сайлауқызы байланысқа шығады? 

Раушан Сайлауқызы, тілші:
Мінекей менің артымда көріп тұрғанғандарыңыздай қызу дайындық жүріп жатыр. Ұйымдастырушы әріптестеріміз техникалық құралдарды тексеріп, қадағалап жүр. Дәл осы алаңда екі сағаттан соң яғни 09:00 «Референдум» марафоны басталады. Референдум жайлы ел түкіпірнен жеткен ең маңызды ақпараттар осы алаңнан айтылады. Марафонның бір ерекшелігі - инфотейнмент форматында. Бұл дегеніміз дәл осы алаңнан сұхбат та жүргізіледі, ойын-сауық бағдарламалар да ұсынылады. Бір сөзбен әмбебап, ауқымды шара. Марафонда әр сағат сайын халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен брифингтер, дискуссия алаңдары ұйымдастырылады және қатысушылар «ашық микрафон» алаңында түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасады. Марафонға бас-аяғы 1200-ден астам қонақ, әр сала бойынша 300-ден астам спикер талқылауларға қатысады. Оның ішінде депутаттар, саясаттанушылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері, әр саладағы белсенді жастар мен мәдениет, спорт саласының өкілдері бар.Шараны еліміздегі ең танымал 23 тележурналист жүргізеді. Мұндай ауқымды ерекше форматтағы шара Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырғанын айта кетейік. Құрметті көрермен марафонды тек теледидардан емес, таңғы 09:00-ден 01:00-ге дейін отандық БАҚ-тардың интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында онлайн көре аласыздар.


Хабарламаларға жазылу