Үй кезегінде тұрған азаматтардың 20 маусымнан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы несие алуға мүмкіндігі бар
Үй кезегінде тұрған азаматтардың 20 маусымнан бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы несие алуға мүмкіндігі бар. 19 шілдеге дейін отбасы банктің ресми сайтына кіріп, ипотекалық несие алуға өтініш беруге болады. Бағдарлама 2% пайызбен 20 жылға дейін баспана сатып алуға кредит береді. Бастапқы жарнасы – 10%. Қаржыға жаңа үйлерді де, нарықта бұрыннан бар баспананы да сатып алуға болады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау тұрғындары 15 млн теңгеге дейін қарыз ала алады. Қалған өңірдегі азаматтар үшін несие көлемі 10 млн теңгеден аспауы қажет. 2% пайыздық ипотека көпбалалы аналар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы толық емес отбасы мүшелеріне беріледі.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04