Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар - демократиялық мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам – тұрғындар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар - демократиялық мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам – тұрғындар

03.06.2022

Жалпыхалықтық референдум халыққа тең мүмкіндіктер береді. «Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар - демократиялық мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам»,-дейді тұрғындар. Саяси науқанға қатысты көптің пікірі де әр алуан. Дегенмен, басым бөлігі референдумды қолдайтынын білдіріп жатыр.

Енді жаңа Қазақстан деп жатырмыз. Бірінші осы Конституцияны халықпен бірге дұрыстап құрып алсақ. Алда бәрі жақсы болады ғой. Өте асығыс. Әлі үш айға созса. Заңдағы өзгерістердің бәрін асықпай эалыққа жан-жақты таныстырса екен.

5 маусым ол ең маңызды біздегі болатын тарихи іс-шара десек те болады. Бұл тарихи кезеңге қатыспау енді ол мүмкін емес шығар. Себебі әрбір қазақстандық еліміздің азаматтық борышы ретінде референдумға барып, қатысу керек. Мен не күтем бұл референдумнан? Мен жалпы Конституцияда болып жатқан құқықтық жағдайларымызды, халыққа берілетін көп нәрсе пайдалы болатын шығар деген сенімдемін.

Өзім үшін барамын, еліміз үшін, халық үшін барамын.


Хабарламаларға жазылу