Түркістанда түлектер көпбалалы отбасыға баспана салып берді
Түркістан облысында мектеп түлектері тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызбасты аналарға баспана сыйлауды үрдіске айналдырды.
Биыл Сайрам, Түлкібас, Созақ аудандарында түлектер көңілді кеш өткізудің орнына осындай сауапты іс жасады. Сайрам ауданына қарасты Қасымбек Датқа ауылындағы жиырма жылдық кездеуге жиналған азаматтар жаңа баспана салып, алты баласы бар Рүстемовтерге тарту етті.
25 сыныптас сәуір айынан бастап алты миллион теңгедей қаражат жинап, баспананы екі айда салып бітірген. Үйдің ішін қажетті дүниемен толтырды. Көпбалалы ерлі-зайыптылар жер телімін алғанымен, үй салуға жағдайлары болмапты. Сөйтіп жалдамалы пәтерде тұрып келген.
Әкім Тұрсынбеков, Қасымбек датқа ауылының тұрғыны
Алты баласы бар көпбалалы отбасы ешкімнен ештеңе сұрамаған. Бірақ сұрастыра келе осы отбасына беруді дұрыс деп шештік. Бұл іс-шара ары қарай үрдіске айналса деген жақсы ойымыз бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05