Петропавл мен Көкшетауда жауын-шашынсыз көшпелі бұлт шығады.
Петропавлда күндіз 16, түнде 6 градус жылы. Көкшетауда күндіз +17, түнде +9.
Қостанай мен Павлодарда синоптиктердің болжамы бойынша күн күркіреп жаңбыр жауады. Қостанайда сынап бағанасы күндіз 19, түнде 7 градус жылыны көрсетеді. Павлодарда ауа температурасы күндіз нөлден 17, түнде 6 градус жоғары.
Орталықта да күн жауын-шашынды. Қарағандыда күндіз 19, түнде 7 градус жылы. Жезқазғанда күндіз +26, түнде +9.
Семей мен Өскеменде күндіз ауа температурасы нөлден 19, түнде 9 градус жоғары.
Оралда жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз термометр бағаны +30, түнде +11 градусты көрсетеді.
Атырауда күн ашық. Күндіз 33 градус ыстық, түнде 19 градус жылы. Ақтөбеде күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз нөлден 17, түнде 13 градус жоғары.
Ақтауда күн ашық. Күндіз +29, түнде +19. Күнгейде көшпелі бұлт шығады.
Талдықорғанда күндіз 22, түнде 11 градус жылы.
Қызылорда күндіз 29 градус ыстық, түнде 14 градус жылы.
Түркістанда күндіз +27, түнде +11. Таразда термометр бағаны күндіз 26, түнде 14 градус жылыны көрсетеді.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз 26, түнде 11 градус жылы.
Алматыда күн күркіреп, жаңбыр жауады. Күндіз +21, түнде +12.
Нұр-Сұлтанда да жауын жауады. Ауа температурасы күндіз нөлден 18, түнде 9 градус жоғары.
