Ертең «Тыныштық» күні
Түнгі сағат 00:00-ден кейін референдум алдындағы «тыныштық» күні басталады. Науқанға бір күн қалғанда және дауыс беру күні үгіт-насихат жұмыстарына тыйым салынады. Бұл туралы орталық референдум комиссясының кезекті отырысында айтылды.
Дарын Сағитов, тілші:
Иә, түнгі сағат 12-ден бастап елімізде үгіт-насихат жүргізу аяқталады. Бұл күні және референдум күні, яғни жексенбіде сауалнама жүргізуге немесе референдум нәтижелерінің болжамдарын жариялауға тыйым салынады. Талапты бұзғандар заң бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Референдум күні 2 немесе одан да көп рет дауыс бергендер, басқа біреу үшін бюллетень алып таңдау жасағандар да заң алдында жауап береді. Учаскелік референдум комиссиясының мүшесі азаматтарға өзге адамдар үшін дауыс беруге мүмкіндік жасаса оларды әкімшілік жаза күтіп тұр. Орталық референдум комиссиясының төрағасы науқан күні азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға толық мүмкіндік жасау аса маңызды деді.
Нұрлан Әбдіров, орталық референдум комиссиясының төрағасы:
5 маусым дауыс беруді ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету өте маңызды. Сіздерге жауапты миссия референдум өткізу жүктелген. Сондықтан жалпыхалықтық дауыс беруді өткізу рәсімдерін ашықтығы, сонымен қатар айқындығын барынша қамтамасызету керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27