Ата заңға енгізілетін түзетулер – демократиялық мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам
Жалпыхалықтық референдум халыққа тең мүмкіндіктер береді. «Ата заңға енгізілетін түзетулер мен толықтырулар - демократиялық мемлекет қалыптастырудағы маңызды қадам» дейді тұрғындар. Саяси науқанға қатысты көптің пікірі де әр алуан. Дегенмен басым бөлігі референдумды қолдайтынын білдіріп жатыр.
Жер, табиғи ресурстардың барлығы халықтың игілігінде деген сөздер маған қатты әсер етті. Себебі бұған дейін жер дауы, табиғат ресурстары жөнінде көптеген халық арасында толқулар болған еді. Міне, енді осы өзгерістер мұны орнына қоятын секілді.
Бұл референдумның басқа референдумдарға қарағанда өзгешелігі, маған қатты ұнаған жері – суперпрезиденттік жүйеден Қазақстанның Республикасының парламенттік жүйеге өтуі. Яғни, жергілікті жерден сайлау болады. Халық тарапына көп мүмкіндік беріледі. Мен осы жүйені қолдаймын және сайлауға өзім барамын.
Егер бәрі жақсы жағына өзгерсе, елге пайдасы тисе, әрине, қолдаймыз. Президенттің туыстарын мемлекетті басқару ісіне араластырмау туралы бапты қолдаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27