Мәжілісмен Атырауда мұнай сапасын арттыратын химиялық реагент өндіруші мекеменің жұмысшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісмен Атырауда мұнай сапасын арттыратын химиялық реагент өндіруші мекеменің жұмысшыларымен кездесті

02.06.2022

Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Атырауда мұнай сапасын арттыратын химиялық реагент өндіруші мекеменің жұмысшыларымен кездесті. Жиын барысында саяси науқанның мән-маңызын түсіндіріп, референдумға қатысуға шақырды. Айта кетейік, өңірдегі кен орындарында жұмыс істейтін қызметкерлер де өз таңдауын жасай алады. Ол үшін арнайы референдум учаскесі де дайындалған. Ал Каспий қайраңында орналасқан Қашаған кен орнындағы қызметкерлердің қатысуы үшін тікұшақ ұйымдастыралады.

Серік Ерубаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Біздің елдің азаматтарын, дауыс беруге шақырамын. Референдумның маңызын әрбір қазақстандық түсінуі керек. Халықтың қабылдауы жақсы. Қазақстандықьтардың референдумға деген, өз елінің болашағына деген көзқарастарының жақсылығын көріп, марқайып тұрмыз.



Хабарламаларға жазылу