Украинадағы қарулы қақтығыстан әлемде 15 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы қарулы қақтығыстан әлемде 15 млн адам аштыққа ұшырауы мүмкін – БҰҰ

02.06.2022

Украинадағы қарулы қақтығыстан әлемде 15 млн-дай адам аштыққа ұшырауы мүмкін. БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылығы ұйымының өкілдері осылай деп мәлімдеді.

Халықаралық органның айтуынша, жоғарыда аталған екі ел әлемде астық экспорттаудан жетекші орында тұр. Ал әскери қақтығыс Украинаның астық өндірісін 50 пайызға қысқартуы мүмкін.

Сонымен бірге санкциялардың әсерінен Ресей тыңайтқыштарды шетелге сатудан қиындыққа тап болды. Аталған тауардың құны да шарықтап кеткен. Соның салдарынан Бразилия, АҚШ сынды ірі ауылшаруашылық өнімін өндіруші елдерде фермерлердің егіні бітік шықпауы мүмкін деген болжам бар.


Хабарламаларға жазылу