Семейде орман өртін сөндіру жалғасуда
Семейде Қарағайлы орманда кеше тұтанған өрт оқшауланды. Алайда мамандар әлі орман өрті қайта таралмауы үшін жұмысты жалғастырып жатыр.
Қанша аумақ жанған? Өрттің себебі не?
Ержан Жақып, тілші:
Семей іргесіндегі қарағайлы орманда кеше тұтанған өрт бүгін түске таман оқшауланды. Қызыл жалынның ошақтарын толықтай сөндіру үшін мамандар әлі де жұмыс істеп жатыр. Тілсіз жау «Семей орманы» резерватының 250 гектарын шарпып үлгерген. Оның тез таралуына қатты соққан жел себеп болған. Тәулік бойы 400-ден астам адам отпен арпалысты. Төтенше жағдай қызметінің мамандары мен көмекке әскерилер де жұмылдырылған. 90-ға жуық техника жұмыс істеді. Төтенше жағдай қызметінің мамандары өрт ошақтарын толық сөндіргенше жұмысты жалғастыра бермек. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын қатты найзағайдан тұтанған болуы мүмкін.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Лоуэлл» дауылы Гавай аралдарына таяды
08.09.2026, 17:07
Ұлыбритания Израильге қарсы шектеу енгізбек
08.09.2026, 17:05
Анасын баққаны үшін жазадан құтылды
08.09.2026, 17:03
Алматыда дропперлер қолға түсті
08.09.2026, 17:00
Қарағанды облысында биыл 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 13:24
Астанада жүзден аса жасөспірімнің ата-анасына айыппұл салынды
08.09.2026, 13:21
Су ресурстарының ақпараттық жүйесін іске қосты
08.09.2026, 13:18
Босния-Герцеговинадағы өрт түтіні көрші елге жетті
08.09.2026, 13:15