СҚО-да сәтсіз операциядан кейін сөйлеу қабілетінен айырылған науқас сотқа шағымданбақ
Қалқанша безіне жасалған операциядан кейін дауысы шықпай қалған Солтүстік Қазақстан тұрғыны сотқа шағымданбақ.
47 жастағы Майра Сексенованың туыстары дәрігер ота жасау кезінде абайсызда тамағындағы дауыс сіңірін кесіп жібергенін айтады. Науқас екі жылдан бері емдеу мекемелерінің табалдырығын тоздырып жүр. Оған отандық ақ халаттылар көмектесе алмайтынын айтқан. Шет елде емделу үшін 3 млн теңгеден астам қаражат қажет.
Айнұр Қозыбаева, науқастың жиені:
Екі жыл өтті, әлі дауысы қалпына келген жоқ. Өмір бойына мүгедек болып қалды. Соңғы үмітіміз Омбы қаласы және мәскеулік клиникаға барып ем алу.
Майра Сексеноваға мүгедектік статусы берілді. Ота облыстық көпбейінді ауруханада жасалған болатын. Емдеу мекемесінің басшылығы науқастың талабы орындалып, оған көмек көрсетілетінін айтты.
Сәкен Әмрин, облыстық көпбейінді аурухана директорының міндетін атқарушы:
Сексенбаевамен медиациялық келісім жасамақпыз. Бұл уақыт үнемдеуге септеседі. Ол тезірек медициналық жәрдем ала алады. Ал ота жасаған дәрігердің кінәсі бар-жоғын анықтаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Оны сот шешеді.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15