Ақтауда дәрігерлер бүлдіршіндерге сыйлық жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда дәрігерлер бүлдіршіндерге сыйлық жасады

01.06.2022

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Ақтауда да бірқатар шара өтуде. Жасөспірімдер арасында ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылса, бүлдіршіндер ертегілер әлеміне саяхаттады. Қайырымдылық шаралары да ұйымдастырылуда. Соның бірі балалар ауруханасында өтті.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Ерекшелігі сол, ауруханада емделіп жатқан бірде бір бала сыйлықсыз қалмады. Дәрігерлер палаталарды аралап, бүлдіршіндерге ойыншықтар үлестіріп, жасөспірімдерге оқу құралдарымен қоса, тәттілер таратты. Содан соң ғимараттың ауласында концерттік бағдарлама өткізіп, сурет салудан сайыс ұйымдастырды. Қазір ауруханаа 350-дей бала емделуде.

Әлия Әділова, Ақтау қаласының тұрғыны:

2-3 күн бұрын ауруханаға түскен болатынбыз. Қазір осы ақ халатты абзал жандардың арқасында жағдайымыз жақсы. Бүгін-ертең шығатынымызды айтып, қуантып жатыр. Дәрігерлерге мың алғыс.

Бұдан бөлек, бүгін театрда, филармонияда балаларға арналған ертегілер мен концерттік шаралар өтті. Кешке «Астана» алаңында «Бақытта балалық шақ» атты мерекелік концерт болады.


Хабарламаларға жазылу