«Balapan» әлемі» республикалық фестивалі басталды
«Balapan» телеарнасы ұйымдастырып жатқан ауқымды шара осыдан бір сағат бұрын басталды. Республикалық мереке дәл қазір Есілдің жағасындағы амфитеатрда өтіп жатыр.
Дархан Рахымжан, тілші:
Жағалаудағы көңіл күй керемет. Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әрі биыл елімізде жарияланған Балалар жылы аясында «Balapan» телеарнасы республикамыздың әр өңіріндегі талантты бүлдіршіндерді бүгін осы сахнаға жинады. Олар би билеп, ән салып, домбырадан күй төгіп жатыр. Шара барысында өнерлі балғындар танымал эстрада әншілерімен бірге өнер көрсетеді, сонымен қатар «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасының қатысушылары да ән салады. Бұдан өзге Сәбит Жүсіп, Абзал Ажғалиев секілді танымал спортшылар да балаларды мерекесімен құттықтауға келді. Ал көңілді аниматорлар мен цирк әртістері мерекенің көркін қыздыруда. Есіл жағасындағы амфитеатр аумағында мерекелік шараға келген балалар арасында арқан тартыс, тоғыз құмалақ, асық ату, қазақша күрес сынды спорт түрлерінен сайыстар өтіп жатыр. Асфальтқа сурет салу байқауы, «Balapan» әлемі» кітап көрмесі, шебер балалар дайындаған қолөнер бұйымдарынан жәрмеңке де жайылған. Амфитеатр алаңындағы көңіл күй осындай.
Автор
Дархан Рахымжан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00