Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қазақстандықтардың 84 пайызы қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қазақстандықтардың 84 пайызы қолдайды

31.05.2022

Президенттің референдум өткізу туралы бастамасын қазақстандықтардың 84 пайызы қолдайды. Бұл мамыр айының ортасында Орталық коммуникация қызметі жүргізген зерттеу көрсеткіштерінен 12 процентке артық.

Сауалнамаға қатысқандардың 86 проценті дауыс беру 5 маусымда өтетінін біледі. Халықтың хабардар болу деңгейі 8 пайызға артқан. Қазақстандықтардың 76 пайызы дауыс беруге ниетті. Сауалнама көрсеткендей, олардың 79 проценті ұсынылған конституциялық түзетулер пакетін қолдайды. Мемлекет басшысының саяси бағытын қолдау деңгейі одан да жоғары. 80 пайыздан астамы Президент реформаларын жақтайды. Сауалнама еліміздің 17 өңірін қамти отырып, 18 жастағы және одан үлкен 1200 қазақстандықтың арасында жүргізілді.

Сауалнамаға қатысушылар:

Референдум өткізу мерзімін біледі - 86,86 %

Хабардар болу деңгейі -8 % артқан

Референдумға қатысуға ниетті - 76,51%

Конституциялық түзету пакетін қолдаушылар - 79,10%

Президент реформаларын жақтаушылар -80,04%

Сауалнамаға қатысушылар – 18 жастан асқан 1200 қазақстан азаматы

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу