Шардара ауданында заңсыз жер қазушыларға тосқауыл болмай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шардара ауданында заңсыз жер қазушыларға тосқауыл болмай тұр

31.05.2022

Түркістан облысы Шардара ауданында заңсыз карьер қазатындарға тосқауыл болмай тұр. Құрығы ұзындар Сырдарияның құмына қызып, жан-жақты шұңқырға айналдырған. Тіпті мал жаятын орын да қалмай барады дейді Қоссейіт ауылының тұрғындары. Бес мыңға тарта тұрғыны бар ауыл маңында бұл күнде қоянсүйек, тораңғыл сынды ағаштар өспей қалған. Қазылған жерлерге қайта көк шықпай, жергілікті халық төрт түлігін тойдыра алмай жүр. Болған жағдайларға байланысты әбден ашынған қараша жайылымдарын сақтап қалу үшін кез-келген жерге барамыз деп бекініп отыр.

Ибраһим Жүсіпов Қоссейіт ауылының тұрғыны - біз ертең қайда жаямыз малды, ауылдан шыққан малдың осыдан басқа жайылатын жері жоқ. Басқа жердің барлығы егістік, күзге дейін ертең жер босамайды еш жерде. Ал одан бері қалған осы жерімізге мыналар келіп тығылып отыр. Қоймайды, айтсақ қайтпайды.

Аталған мәселе бойынша Қоссейіт ауылдық округінің әкімі құзырлы орган өкілдеріне жайылымдық жерден карьер жасаудың заңдылығын анықтап беруді және ауыл тұрғындарының наразылығын білдіріп хат жолдаған. Себебі тұрғындардың қарсылығының нәтижесінде уақытша тоқтаған құм қазу жұмысы биыл қайта басталған. Ал әкімдік тарапынан жайылым жерден карьер жасауға рұқсат берілмеді деп отыр.

Айнұр Ақбаева 

Хабарламаларға жазылу