Жаңа Конституция прокурорлардың да құзіретін айқындайды
Сенат депутаты Владимир Волков Қостанай облысының прокурорларымен кездесті. Басқосуда Ата заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды. Жаңарған Конституцияның басты ерекшелігі – азаматтар құқығының сақталуы бірінші кезекте тұрады. Осыған сәйкес құзырлы органдардан бастап, әрбір азаматтың Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігі болады. Сондықтан заңгерлік білім сапасына ерекше көңіл бөлінгені жөн деп есептейді сенатор. Қазір елімізде 120-ға жуық жоғары оқу орны болса, солардың тең жартысы заңгерлер дайындайды. Конституцияға енгізілетін түзетулер прокуратураның да құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Владимир Волков, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы:Конституциялық соттың конституциялық кеңестен айырмашылығы үлкен. Конституциялық сот азаматтардың құқығы бұзылғанын көрсе, заңдардың, заң баптарының, құқықтық нормативтік актілердің күшін жоя алады. Бұл жаңарған үшін аса маңызды қадам.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09