Референдум-2022: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңмен белгіленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум-2022: Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңмен белгіленеді

30.05.2022

Референдум аясында Ата заңның 83-ші бабына қосымша жаңадан 1 бап қосылады. Бұл - Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты. Өзгерістерге сәйкес, омбудсмен азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдеседі. Құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.

Сонымен қатар оны өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды. Қылмыс үстінде ұсталу мен ауыр қылмыстар жасауды қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартылмайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңмен белгіленеді.


Хабарламаларға жазылу