Белгісіз зат ішіп уланған жетінші адам көз жұмды: Тексеріс жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгісіз зат ішіп уланған жетінші адам көз жұмды: Тексеріс жүріп жатыр

30.05.2022

Арақ немесе спирт. 7 бірдей адамды жер қаптырған сұйықтықтың не екендігін сот-медициналық сараптамасы анықтайды. Естеріңізге сала кетейік Павлодар облысы Ертіс ауданы орталығында белгісіз заттан уланған 7 адамның барлығы да қайтыс болды. Алғашқы үш адамның мәйіті мамырдың 28-і күні үйінде табылды. Ал қалған 4-еуі ауруханаға жеткізіліп, сонда көз жұмды. Толығырақ меншікті тілшіміздің материалында.

Қайтыс болған 7 адамның бәрі Ертіс ауылының тұрғындары. Олардың екеуі бір үйден. Әкелі, балалы Ивановтар. Ал нақты неден көз жұмғандары әлі белгісіз.

Айдар Сейітқазинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Ауруханаға жеткізілгенде ес-түстерін білмейді. Қол аяқтары, тартылып, денелері сіресе бастады. Соған қарағанда орталық нерв жүйесі зақымданғанға ұқсайды. Одан кейін жүрек пен өкпе жұмысы тоқтай бастады. Біз барынша көмек жасауға әрекет қылдық бірақ нәтиже болмады.

Мәліметке қарағанда, қайтыс болғандар дәл ішкілікке салынған емес, үй-жайы, жұмысы бар адамдар. Екеуі көктемгі егісті аяқтап, сол жақтан белгісіз сұйық құйылған канистр ала келген көрінеді. Күдік тудыратын басқа элементтер жоқ.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
Заңсыз спирт, арақ, шарап сататын орны жоқ. Ал енді мына сұйықты ішкенде, сұйықты бір жерден алып келген. Бір-бірімен ішіп сонымен уланған. Сол бүкіл ыдыстар анықталып, қазір сараптамаға жіберілді.

Дәрігерлер соңғы қайтыс болған 48 жастағы азаматтың бастапқы бетте тілдесіп, жағдайының қалыпты болғаның айтады. Ол облыс орталығына ұшақпен жеткізілген болатын. Алайда дем алысы күрт нашарлап кеткен соң өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған екен. Бірақ оның да көмегі болмады. Сот-медицналық сараптамасының қорытындысы 10 күн ішінде жария етіледі.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу