Ішкі істер министрлігі балаларға арнап мерекелік шара ұйымдастырды
Ішкі істер министрлігі балалар жылы қарсаңында бүлдіршіндерге арнап мерекелік шара ұйымдастырды. Министрлік алаңына 300-ден астам бала жиналды. Олар осы органға қарасты қызметкерлер мен полицейлердің балалары. Мерекелік жиында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов балаларды құттықтап, тілегін білдірді. Сондай-ақ Стамбулда кикбоксингтен өткен әлем кубогында топ жарған жасөспірімдерді марапаттады. Спорттық шаралар ұйымдастырылып, балалар арнайы техникалар мен қару жарақтардың көрмесін тамашалады.
Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуға тиіс. Сол себепті олар жиі жүретін жерлерге бақылау күшейеді. Білім ошақтарын да бейнебақылау камерасымен 100 пайыз қамту керек. Ішкі істер министрі балалардың қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етенінін айтты.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:Қоғамның қауіпсіздігі - ол баланың қауіпсізідігі. Бүкіл цифралық жүйе бойынша балалар жүретін жердің бәрін цифрландыру, бейнебақылау арқылы қарап отыруға мүмкіндік бар.
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
