«Алматы-Хургада» бағытына қатынайтын ұшақты 187 жолаушы 10 сағат күткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы-Хургада» бағытына қатынайтын ұшақты 187 жолаушы 10 сағат күткен

30.05.2022

«Алматы-Хургада» бағытына қатынайтын ұшақ кешігіп, кесірінен 187 жолаушы әуе рейсін 10 сағат күтуге мәжбүр болды.

Шағымданушылардың сөзінше, жолаушыларды тіркеу баяу жүргізіліп, ұшу уақыты әр екі сағат сайын кейінге шегеріліп отырған. Жолынан кешіккен жұрт компания өкілдерінен бір күннің ақшасын өтеп беруін талап етті. SCAT компаниясының хабарлауынша, ұшақтан техникалық ақау шыққан. Қалпына келтіру жұмыстары үшін қосымша уақыт қажет болған. Рейстен кешіккендерге бір тәуліктің ақшасын қайтару үшін тур фирмаға жүгінуге кеңес берілді.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу