Павлодар облысында белгісіз заттан уланған 7 адам қайтыс болды
Павлодар облысында белгісіз заттан уланған 7 адамның барлығы қайтыс болды. Қазір бізбен аймақтағы меншікті тілшіміз тікелей байланысқа шықты.
Болат Аманбаев:7 адамның неден көз жұмғаны әлі белгісіз. Бейресми мәліметке қарағанда қайтыс болғандардың бірінің үйінде гербицидтен босаған канистр болған. Соған спирт құйып ішкен деген жорамал бар. Ал ресми мәліметке қарағанда олардың бәрі белгісіз сұйықтықты ішіп содан уланған. Мұның нақты жауабы сот-медициналық сараптамасынан кейін белгілі болады.Естеріңізге сала кетейін 3 адамның үйінде, тағы екеуі Ертіс аудандық ауруханасында қайтыс болды. Облыс орталығына авиациялық ұшақпен жеткізілген екі азамат сол күйінше ес жия алмай, жансақтау бөлімінде бақилық болды. Осы оқиғадан кейін полиция аудандағы спирттік ішімдік сататын барлық дүкендерді текесеріп жатыр, қылмыстық іс қозғалды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгін түс ауа баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарланып отыр. Тың ақпараттар шықса алдағы хабарларымызда жеткізетін боламын.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17