Референдум: Әр қазақстандықтың дауысы аса маңызды
Референдумда ел мүддесі үшін айрықша шешімдер қабылданады. Сондықтан 5-маусым күні әр қазақстандықтың даусы аса маңызды. Олардың арасында саяси науқанға тұңғыш рет қатысқалы тұрған жастар да бар.
Менің естуім бойынша 33 бапқа түзетулер енгізілуде екен. Оның ішінде құлаққа жағымды естілгені еліміз басқарудың суперпрезиденттік үлгісінен бас тартады екен. Бұл жағдайда парламенттің рөлі артады деген сөз. Біздің сөзімізді елеп-ескеріп жатса әрине қатысамыз.
Жалпы бұл мемлекет пен халық арасындағы негізгі бір бастаушы күннің бірі болып саналады. Осы референдумнан кейін еліміздің жақсы жағына өзгеретін, жақсы қырынан көре алатынымызға мен сенемін.
Референдум жайлы естідім. Бірақ та мағынасын толық түсіне алмадым шынымды айтсам. Оның мақсаты не дегендей, не себепті орын алады дегендей. Өзгерістер болса әрине жақсы ғой. Әрбір мемлекет жақсы жағына өзгерсе оның дамуы тезірек болады.
Қазіргі таңда мынау ақпараттық жүйеде көптеген мәселелер қозғалып жатыр. Тіл мәселесі қозғалып жатыр. Жаңағы Қазақстанның жер мәселесі көптеп көтеріліп жатыр. Осы мәселелер бір шегіне шығар деп ойлаймын.
Өзгертілген өзгерістермен осы жақын арада танысып шықтым. Соның ішінде маған ең қатты ұнағаны ол – азамат ешқандай партия мүшелігінде болмай-ақ, парламент сайлауына түсуге мүмкіндігі бар екендігі. Соның ішінде қарапайым халық та, мен сияқты жастар да саяси өмірге белсенді ат салысады.
5 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген референдумға өз үлесімді қосамын. Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасына тиым салынсын. Сондықтан референдумға қатысамын және өз үлесімді қосамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық комиссия, вице-президент, Халық кеңесі: Парламенттік реформа туралы не белгілі?
25.01.2026, 20:27
298 медициналық нысан мен 162 мектеп: Былтыр қандай нысандар пайдалануға берілді?
25.01.2026, 20:27
Президент: «Тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек
25.01.2026, 20:00
Нұрай ісі: Полиция қызметкерлеріне қарсы қылмыстық іс қозғалды
25.01.2026, 19:56
«Теңізшевройл» компаниясы мұнай тасымалдауға қатысты төтенше жағдай туралы мәлімдеді
25.01.2026, 19:51
«Нағыз абсурд»: Президент қай салаға қатысты ескерту жасады?
25.01.2026, 19:49
Қ. Тоқаев Д. Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды
25.01.2026, 19:43
Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда қандай ұсыныстар айтылды?
25.01.2026, 18:54