Ұлы тұлғалар мен спортшылар туралы туындыларды жарыққа шығару ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлы тұлғалар мен спортшылар туралы туындыларды жарыққа шығару ұсынылды

27.08.2014
Ұлы тұлғалар мен спортшылар туралы туындыларды жарыққа шығару ұсынылды

Қазақстанда «Алтын адам» туралы кино түсіруді қолға алу керек. Бұл жөнінде бүгін Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа жиналысында айтылды.

«Кешке дейін жоңғарлармен соғыса бермей, әл-Фараби секілді ұлы тұлғалар мен спортшыларымыз туралы да туындыларды жарыққа шығару керек», - деді министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Алқа жиналысында жартыжылдықтың қорытындысы мен алдағы жоспарлар айтылды. Министр өз сөзінде әр театрда көркемдік кеңес құрылуын, мұражайлар ғылыми-танымдық орталыққа айналу керектігін баса айтты.

 

Саламат ОМАШ

Хабарламаларға жазылу