Депутат Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстандағы зауыт жұмысшыларымен кездесті
Мәжіліс депутаттары халықпен кездесіп, референдумның маңыздылығы жайында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.
Солтүстік Қазақстанға барған халық қалаулысы Дмитрий Колода Киров атындағы зауыт жұмысшыларымен кездесті. Аталған ұжымда 500-ге жуық адам еңбек етіп жүр. Жиынға қатысушылар депутаттан Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен референдум өткізілуінің тәртібі жайында сұрап білді. Көпшілікті әсіресе басқару жүйесіне енгізілетін жаңашылдықтар мен облыс әкімдерін сайлау мәселесі қызықтырды.
Сайлаубек Мусин, зауыт жұмысшысы:Қазақстаннңың барлық қазба байлықтары – халыққа тиесілі. Конституцияға өзгертулер енгізілсе, біз оны өзіміз басқаруға құқылы боламыз. Бұл жаңашылдық халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартады. Референдум өткізу – қажеттіліктен туындап отыр. Киров атындағы зауыт ұжымы саяси науқанға біріміз қалмай қатысамыз деп уәделестік.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04