Зерттеу нәтижесі: Қазақстандықтардың 75,9 пайызы Ата заңға енгізілетін өзгертулерді қолдауға дайын
Қазақстандықтардың 75,9 пайызы Ата заңға енгізілетін өзгертулерді қолдауға дайын. «Amanat» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жүргізіген «Referendum: Halyq üni» зерттеу нәтижесі осындай. Сұралғандардың 70 пайызға жуығы конституциялық реформа елдің дамуына оң әсер етеді деп есептейді. Зерттеуге еліміздің барлық өңірінен 1700-ден астам респондент қатысқан. Жартысынан көбі белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдар. Партия өкілдері 5-ші маусымда сайлау учаскілеріне азаматтардың үштен екісі келеді деген сенімде.
Дәулет Кәрібек, «Amanat» партиясының хатшысы:Менің жасым 31-де. Мен осы күнге дейін әлі бір рет те референдумға қатыспағанмын. Соңғы рет референдум 1995 жылы болған. Сондықтан қазіргі таңда референдумға қатыспаған азаматтардың ең үлкені 43 жаста. Мұның өзі де референдумға қосымша қызығушылық алып келеді. Яғни азаматтар 1995 жылдан бері бірінші рет қатысайын деп жатыр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27