Ресейдің артиллериялық соққысынан Харьковте 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдің артиллериялық соққысынан Харьковте 9 адам қаза тапты

27.05.2022

Украина бас штабы Донбасстың солтүстігінде бірнеше елдімекеннен айрылғанын жанама түрде растады. Мұны «BBC» хабарлап отыр.

Ал Луганск облысының губернаторы Сергей Гайдай Ресей әскерінің Северодонецк қаласының шетіне жеткенін мәлімдеді. Қорғаныс министрінің орынбасары Анна Малярдың сөзінше, Донбасстағы шайқас мейлінше күшейген. Жағдай қиындаған шақта елдің сыртқы істер министрлігі Батысты Украинаны тезірек қаруландыруға шақырды.

Дегенмен Пентагонның кезекті баяндамасына қарағанда Ресей армиясы үш айда азғантай ғана табысқа жеткен.

Тағы бір мәлімет: Ресейдің артиллериялық соққысынан Харьковте 9 адам қаза тапты. Құрбандардың біреуі – 5 айлық нәресте. Алайда Мәскеу бұған дейін мәлімдегендей, Ресей қарулы күштері көрші елде азаматтық нысандар мен бейбіт халықты нысанаға алып жатқан жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу