Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов ісі бойынша басты сот отырысы өтті

26.05.2022

Бүгін елордада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты басты сот отырысы басталды.

Елжан Біртанов пен оның бұрыңғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты істің 2 жылдан бері нүктесі қойылған жоқ. Бұған дейін санкциялық сот отырыстары өтіп, күдіктілердің үйқамақта отыру мерзімі ұзартылып келген еді. Енді басты отырыста айыпты ма жоқ па деген сұраққа нақты жауап берілуі тиіс. Бүгін олардың адвокаттары сот отырысына зардап шегуші тараптың өкілі, министрліктегі жеке қауіпсіздік департаментінің директоры Асқар Ақбаевты куәгер ретінде шақыруды сұрады. Министрлік маманы, ақпараттандыру платформасы туралы маңызды құжатқа қол қойған адамдардың бірі. Сондықтан ол жәбірленуші емес -, дейді адвокаттар.

Экс-шенеуніктер дәл осы платформаға қатысты ақшаны қолды етті деп күдікке ілінген еді. Сондай-ақ қорғаушылар прокурорлар да қызметін асыра пайдаланды деп қарсылық білдірді. Алайда адвокаттардың бұл өтінішін сот қабылдаған жоқ.

Ибрагим Әлкенов, Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының судьясы: 
ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 87, 88, 94-баптарына сәйкес, зардап шегуші тараптың өкілі Асқар Ақбаевты пооцессуалдық істен шеттетіп, одан куәгер ретінде қорғаушы тараптың жауап алғызуы туралы өтінішінен бас тару және Процессуалдық прокурорға берген қарсылығынан бас тарту туралы қаулы қабылдады. Қаулымен келіспеу туралы уәждерді аппеляциялық шағымдар мен прокурордың өтінішіне енгізуге болады. Сотталушылардың кінәлі немесе кінәсіздігі туралы дәлелдемелерді бас сот отырысында зерттеп, бағалаймыз.

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді. Экс-министр мен оның орынбасары мемлекетке 1,5 млрд теңге шығыны келтірді деген күдікке ілінді.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу