Алматыдағы ХҚКО қызметкерлері әлеуметтік осал топтарға құжат рәсімдеу үшін ақы төлеткізген
Алматыдағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары әлеуметтік осал топтарға құжатын рәсімдеуі үшін ақы төлеткізген. Бұл туралы қалалық прокуратура хабарлады. Негізінде соғыс ардагері, мүмкіндігі шектеулі жан, көпбалалы ана мен ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар құжат рәсімдеу кезінде баж төлеуден босатылған. Алайда мемлекеттік қызметшілер 400-дей адамның әрқайсысынан 22 мың теңгеге дейін ақша алған. Қазір заң бұзушылыққа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бауыржан Ертаев, Алмалы ауданының прокуроры:Біздің органмен қадағалау актісі енгізіліп, құзырлы органдар, яғни Мемлекеттік кіріс департаменті бүгінгі таңда сол ақшаны тұлғаларға қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде. Жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06