Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті: екеуінің жағдайы аса ауыр
Маңғыстауда мектеп бітіруші түлектер жол апатына түсті. 7 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Екеуінің жағдайы - аса ауыр. Өңірдегі тілшіміз Аягөз Оралбайқызы оқиғаның мән-жайын скайп арқылы жеткізеді.
Аягөз Оралбайқызы:Жол апатына түскен жас түлектер Маңғыстау ауданындағы Сайөтес ауылының балалары. Олар соңғы қоңырау шарасынан кейін көлікпен қыдыруға шыққан болу керек. Себебі, жол көлік апаты «Шетпе-Сайөтес» тас жолының 268-шақырымында болды. 7 түлек отырған жеңіл көлік жолдан шығып кетіп, аударылған. Оны 17 жастағы бозбала тізгіндеген екен. Зардап шеккендер Шетпе ауылындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Сондағы дәрігерлердің хабарлауынша, 2 түлектің жағдайы өте ауыр болғандықтан медициналық санавиациямен Ақтауға жолданған. Ал қалған 5 баланың жағдайы орташа ауыр болған соң, хирургия бөліміне жатқызылған. Олардың жағдайлары қалыпты, - дейді дәрігерлер.Бұл дерек әкімшілік қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен тіркелген. Тергеу жүргізілуде. Полицейлер бұдан бөлек, Жаңаөзен мен Ақтау қалаларында жол ережелерін бұзған мектеп бітіруші түлектерді іздестіруде. Олар көліктің терезесінен шығып, ленталарын бұлғап тәртіпсіздік жасаған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде 161 волонтерлер ұйымы жұмыс істейді
25.09.2026, 15:10
Өздерін полиция қызметкерлері ретінде таныстырған бопсалаушылар ұсталды
25.09.2026, 15:09
Биыл мемлекетке 1 млн гектардан астам жер қайтарылды
25.09.2026, 15:09
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 15:08
Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қазақстан халқына көңіл айтты
25.09.2026, 15:08
Бельгиялықтар қайғыға ортақтасып, көңіл айтуда
25.09.2026, 15:06
«Жауынгерлер Отан алдындағы әскери борышын адал атқарды»
25.09.2026, 15:06
Қаза тапқан сарбаздардың отбасына қажетті көмек көрсетіліп жатыр
25.09.2026, 15:05