Көкшетаудағы мектептен табылған жарылғыш затты оқушы жасаған
Көкшетауда мектепте жарылғыш затқа ұқсайтын құрылғы табылды. Сымдары бар қаңылтыр қалбырды мектептің шаруашылық қызметкері байқап қалған. Оқиға орнына келген полицийлер 20 мұғалім мен 10 қызметкерді эвакуациялаған. Ғимараттың іші мен ауласы толық тексерілді. Содан кейін ережеге сәйкес мамандар өздері белігісіз затты мектеп ауласында жарып жіберді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға кеше кешке нөмері 2-ші мектеп-лицейінде болды.
Әсем Әбдірахманова, Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі:
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде белгісіз құрылғыны осы мектепте оқитын қыз баланың жасағаны анықталды. Оған білім ордасында оқиғысы келмегені себеп болған. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеріс жалғасуда. Ювеналды полиция оқушыны есепке алу бойынша шешім қарастырып жатыр.
Ақтөбедегі гараж коперативтерінің бірінде қараусыз қалған нысанды бұзу кезінде граната табылды. Оқиға орнына жедел қызметтер шұғыл жетті. Саперлар оның «Ф-1» әсекери граната екенін анықтады. Баллистикалық сараптама тағайындалды. Қазір полицейлер гараждың бұрынғы иесін іздестіріп жатыр.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді
18.05.2026, 13:18
Қазақстан мен Татарстанның мәдени байланысы беки түспек
18.05.2026, 13:15
Атыраудағы атышулы іске қатысты сот басталды
18.05.2026, 13:12
Жетісу облысында шегіртке ошақтары анықталды
18.05.2026, 13:09
Эболаның өршуіне байланысты ДДСҰ халықаралық төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 13:06
Аллергияға қарсы отандық вакцина сыналуда
18.05.2026, 13:03
Халықтың 84%-дан астамы ел дамуының бағытын қолдайды
18.05.2026, 13:00
Бүгін – Халықаралық музей күні
18.05.2026, 10:33