Ұлыбританияда дауыс беру учаскесінде референдумға дайындық жұмыстары пысықталды
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі жанындағы №244-ші дауыс беру учаскесінде референдумға дайындық жұмыстары пысықталды. Президент референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойылған күннен бастап Елшілік Ұлыбритания, Ирландия және Исландияда тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан ел азаматтары арасында ақпараттық хабарлама таратқан. Яғни, өздері туралы деректерді референдум тізіміне қосуға шақырған. Бүгінгі таңда маңызды шараға қатысуға 400-ден астам адам ниет білдірген. Референдум Ұлыбритания патшайымы Елизавета Екіншінің таққа отырған 70 жылдық мерейтойымен тұспа-түс келіп отыр. Сондықтан 5-ші маусымда Лондонда көлік қатынасында кідіріс болуы мүмкін екендігін ескерген жөн дейді комиссия мүшелері.
Әйгерім Сейсембаева, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі жанындағы №244 дауыс беру учаскесі комиссиясының мүшесі:Сол себептен біз азаматтардан жол кептелістер және көпшілікке арналған іс-шараларды ескере отырып, Елшілікке дейінгі және кері жолдарды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Жалпы бұл референдум Қазақстанның болашағы үшін өте маңызды. Сондықтан әрбір азаматты референдумға қатысып, дауыс беріп, азаматтық жауапкершілік танытуға шақырамыз.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02