Кәсіпкерлер референдум арқылы қабылданатын өзгерістерге өз үлесін қосуға әзір
Кәсіпкерлер референдум арқылы қабылданатын өзгерістерге өз үлесін қосуға әзір. Бүгін Атамекен Ұлттық палатасы өңірлердегі бөлімшелермен онлайн байланысқа шығып, Конституцияға енетін түзетулер төңірегінде ой бөлісті. Ең маңыздысы, Ата заңдағы өзгерістер қосымша 20 заңның өзгеруіне ықпал етеді. Оның ішінде салық мәселесі де бар. Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар тарапынан мемлекеттік тіл, Конституциялық сот, сондай-ақ жер мен оның байлығын халықтың меншігі етіп жариялауға қатысты да пікірлер айтылды.
Ербол Өстеміров, "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:Халық осы ресурстарға ие болса, осы ресурстардың дивидендтері қалай бөлініп төленеді деп айтылды. Сонымен қоса, кәсіпкерлер тарапынан кейбір Конституцияға қарама-қайшы келетін заңдар немесе нормативтік-құқықтық акттер болған кезде Конституциялық сотқа тікелей жүгінуге құқықтары бар ма жоқтығы деген де сұрақтар қойылды.
Бауыржан Смайылов, кәсіпкер:Біздің Президентіміздің жүргізіп жатқан реформаларын толық қолдаймыз. Себебі біздің кәсіпкерлер көздері ашық, көкіректері ояу азаматтар. Олар елдің болашағы үшін, өздерінің болашағы үшін референдумға келіп дауыс береді.
Ламбриан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27