Республикалық штаб өкілдері Ақтау кәсіпкерлерімен кездесті
Қазақстан халқы референдумға үкімет үшін емес, әркім балаларының болашағы үшін баруы қажет. Себебі, бұл шара елдің тағдырын анықтауға мүмкіндік береді. Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшесі Уайс Ерсайынұлы осылай дейді. Ақтауда өткен кездесуде штаб мүшелері мен Сенат депутаты Серікбай Трұмов шағын және орта кәсіп өкілдеріне референдумның мақсаты мен өткізу тәртібін түсіндірді. Сондай-ақ, кәсіпкерлерді саяси науқанға белсенді атсалысуға шақырды.
Серікбай Трұмов, ҚР Парламенті сенатының депутаты:Саяси мәні - біздің еліміздегі үлкен саяси өзгерістерге қадам басу, біраздан бері айтылып келе жатқан халықтың үніне құлақ асу мақсатында жасалынып жатқан үлкен саяси өзгеріс.
Уайс Ерсайынұлы, Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының мүшесі:Қанша жыл күткен өзгерістер осы референдум арқылы жүзеге асырылмақ. Бірақ, халық өздерінің тағдырына аралассын, тағдырына енжар қарамасын, болашағы үшін дауыс берсін, әркім бұл референдумға біреу үшін емес, үкімет үшін емес, билік үшін емес, әркім өзінің бала-шағасы үшін, болашағым үшін деп баруы керек.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27