Референдум: Конституцияда Президенттің өкілеттігі қалай өзгереді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Референдум: Конституцияда Президенттің өкілеттігі қалай өзгереді?

24.05.2022

Президент тізгінді тартады. Конституцияда оның өкілеттігін шектеу көзделіп отыр. Мемлекет басшысы өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауы тиіс. Жақын туыстары мемлекеттік саяси және ұлттық компаниялар басшысы лауазымын атқаруға хақысы жоқ. Облыс және респбуликалық маңыздағы қалалар әкімдерін тікелей тағайындай алмайды. Мәслихатқа кемінде екі үміткер ұсынып, депутаттардың келісімімен ғана бекітеді. Сондай-ақ Конституциялық Сот, Ұлттық банк, Жоғары Сот Кеңесі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағалары мен Бас прокурорды тікелей бекітпейді. Сенаттың келісімі керек. Айтпақшы, осы аталған орган қызметкерлері саяси ұйымдарға мүшелікке өтпейді. Ал, Мәжіліс депутаттарын сайлау партиялық тізіммен ұсынылмайды. Енді халық тең және төте сайлау өткізеді. 

Хабарламаларға жазылу