Әлемнің 20 елі Украинаға қару беруге уағдаласты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 20 елі Украинаға қару беруге уағдаласты

24.05.2022

Әлемнің 20 елі Украина үшін жаңа қауіпсіздік көмегі пакетін әзірлеп жатыр. Мұны одақтарымен виртуалдық форматта өткен кездесуден кейін АҚШ-тың Қорғаныс министрі Ллойд Остин мәлімдеді. Оның сөзінше, Киевке Дания, Грекия, Норвегия, Польша сияқты елдер жөнелтетін жәрдемге кемеге қарсы зымыран ұшыратын қондырғылар мен Украина жағалауын қорғайтын ракеталар кіреді. Осы баспасөз маслихатында Құрама Штаттар армиясының генералы Марк Милли де мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Украинаға әскер кіргізу мәселесінен «алыс» екенін атап өтті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу