Елордада алда өтетін референдумда дауыс беру тәртібі мен талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтуде. Онда азаматтарға республикалық науқанға қатысудың маңызы мен ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, референдумға атсалысуға ниет білдірген тұрғындарға жергілікті атқарушы орган өкілдері ел конституциясына енетін өзгерістер мен толықтырулар жайында кеңінен мәлімет берді. Жиылған жұртшылық спикерлерге көкейдегі сан сауалдарын жолдады. Мәселең, референдум қарсаңында үгіт-насихат жүргізу тәртібі референдум туралы заңды бұзғаны үшін қандай жауапкершілік көзделетіні жайлы сұрақтар келіп түсті. Сондай-ақ, референдум кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасау мен азаматтардың тізімдерін референдум комиссиясына беру жөніндегі жұмыстардың барысы пысықталды.