Әлемде маймыл шешегі табылған елдер саны 15-ке жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде маймыл шешегі табылған елдер саны 15-ке жетті

23.05.2022

Әлемде маймыл шешек анықталған елдер саны 15-ке жетті. Мұны Женевада өткен конференцияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас хатшысы, Тедрос Аханом Гебрейесус мәлімдеді. Оның дерегінше, жұқпалы вирус Ұлыбритания, Испания, Португалия, Австралия, Бельгия, Канада, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Швеция және АҚШ-тан табылған.

Африка құрлығынан тыс континенттерге тарай бастаған маймыл шешегінің бастапқы белгілеріне безгек, бас ауруы, ісіну, арқаның ауыруы, бұлшықеттің сыздауы жатады. Ал, дене қызуы көтерілгеннен кейін, адамның бетінде, қолдарында және денесінің өзге бөліктерінде бөртпе пайда болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, әдетте бұл инфекция 14-тен 21 күнге дейін созылып, өздігінен жойылады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу