Халық пікірі: Әрбір азамат референдумға қатысуға міндетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық пікірі: Әрбір азамат референдумға қатысуға міндетті

23.05.2022

Еліміздің әр өңіріндегі тұрғындардан да алдағы референдум жайлы пікір сұраған едік. Бірқатарын назарларыңызға ұсынамыз.


Референдум ол — қазіргі мына Конституцияның өзгеруі. Еліміздің одан әрі қарай алға дамуы. Еліміздің болашағы, бір сөзбен айтқанда.

Әрбір елдің азаматы менің ойымша оған қатысуға міндетті. Себебі өз елінің болашағын ойлайтын, яғни, біз қазіргі жастар, осы референдумға жақсы көзқарастамыз. Себебі, біз ертеңгі ел тізгінін ұстайтын болғандықтан, жаңа өзгерістердің кіргенін қалаймыз. Яғни, жаңа Қазақстанның жаңа өзгерістерге ие болғаны біз үшін өте маңызды.

Мына жастарға бағыт-бағдар беру арқылы оларды, әрбір азамат пен азаматшалар референдумға қатысу ол басты борышы деп білемін.

Референдумға әрине қазір жастарды қолдап жатыр. Сондықтан, жастарға көп мүмкіншіліктер болса деген ойдамыз.

Осы референдумға өзгеріс енетін болса жерді, жер қазынасын халықтың өзіне берейін деп тұр. Сол себептен ауыл жастарын, барша ауыл жастарын референдумға дауыс беруге шақырамын.

33 бап өзгереді дейді. Сол 33 бап өзгергенде халқымыз жақсылыққа жетіп, мынау жерімізді билеп кеткен жемқорлық пен әміршілдіктің жойылып, Қазақстанның жерінің, қазынасының байлығы қазақтың өзі болса екен деп ойлаймын.

Референдум туралы біз естігенбіз. Енді толықтай емес. Интернетте отырып оны толықтырып оқимыз. Не болады екен? Ойлап тұрмын мен бізге бір жақсы жағдай болатын шығар, біздей жастарға.


Хабарламаларға жазылу