Сарапшылар: Референдум – халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатының көрінісі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: Референдум – халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатының көрінісі

12.05.2022

Референдум – халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатының көрінісі. Ауқымды шараны өткізу – ел сенімін нығайтады. Елордада бас қосқан сарапшылар осылай дейді. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен өткен жиында заң нормалары талқыға салынды. Жиын қатысушылары заңдағы өзгертулер мен толықтыруларға қатысты өз ойын ортаға салды. Бастысы кез-келген өзгеріс қоғамды демократияландыруға, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге өз ықпалын тигізуі қажет. Саясаттанушылар пікірінше әрбір кәмелет жасқа толған қазақстандық референдумға белсенді қатысып, маңызын түсінуі қажет.

Гамал Түзелбаев, «Белсенді азамат» қоғамдық қорының төрағасы:
Елдермен азаматтармен дұрыс талқыланбай, сондай заңдар шығып жатса ол уақытша болса да өзінің залалын тигізуі мүмкін. Қалың жұртшылықпен осы сұрақты түсіндіріп, халыққа жеткізуіміз керек.  Неғұрлым көбірек талқылау жасалса соғұрлым жақсы. Референдумға дейін халықпен тығыз жан жақты жұмыс жасау керек. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу