Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Семей тұрғындарымен кездесті
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Семей тұрғындарымен кездесті. Жиында ел тағдырын айқындайтын маңызды міндеттер айтылды. Ауқымды өзгерістер жалпыхалықтық референдумнан басталатыны атап өтілді. Тың реформалардың мән-маңызын түсіндірген төраға, «Жаңа Қазақстанның» келешек келбеті жайлы ойымен бөлісті. Сондай-ақ, жергілікті халықты Абай облысының құрылуымен құттықтады. Президент шешімі аймақтың одан әрі өркендеуіне тың серпін береріне сенім білдірді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Семей – Алаш арыстарының басын қосқан қазақ руханиятының қара шаңырағы. Сондықтан тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, аумақтық жағынан, халық саны жағынан алсақ та, әділ шешім болды деп ойлаймын. Ендеше, сіздерді сол тарихи әділеттіліктің орнауымен шын жүректен құттықтаймын. Біз Абай облысының шаңырағын халқымызбек, Президентімізбен бірге көтереміз. Осы істе Парламент Мәжілісі, «Amanat» партиясы да сіздермен бірге болады.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындарының алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына 4 алтын, 2 қола медаль түсті
20.09.2026, 20:15
Президент Үкіметке әлеуметтік қолдау мен жол сапасына қатысты тапсырма берді
20.09.2026, 20:11
Фастфуд жарнамасын шектеу семіздікті азайта ма?
20.09.2026, 20:06
«Орталық Азия+» форматының мәні неде?
20.09.2026, 20:06
19 млрд доллар: Қазақстан мен Корея қандай келісімдерге қол қойды?
20.09.2026, 20:01
Ілеспе газды майнингке жұмсау қаншалықты тиімді?
20.09.2026, 18:16
Ұлдана Мырзуан ісі: Сапасыз тұрғын үйлерге кім жауапты?
20.09.2026, 18:13
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27